Павлодарда жер үйлердің аумағынан қалдық сулар шығарыла бастады
Павлодардағы жер үйлердің аумағынан қалдық сулар шығарыла бастады. Кешегі жаңалықтарымызда «Су арнасы» мекемесі қызмет көрсету ақысын көтеріп жібергендіктен, ассенизатор көлік иелерінің бірнеше күн жұмысқа шықпай қойғаны жайлы бейнематериал көрсетілген болатын. Осыдан кейін қалалық коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшылары көлік иелерімен арнайы кездесіп, оларды жұмысқа шығуға көндірді. Енді тұрғындар қалдық суларды шығару үшін 109 нөмірі арқылы Call орталығына хабарласып, ассенизатор қызметіне өтінім қалдыра алады.
Игорь Рыбас, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:Қазірдің өзінде 12 ассенизатор көлігі қалдықтарды шығарып жатыр. Әрине тұрғындардан түсіп жатқан шақыртулар көп. Бүгіннің өзінде 60-тан аса кәріз құдықтары тазаланды.Ассенизатор көліктерінің иелері жұмыс істеуге біртіндеп келісіп жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01