Павлодарда ер адамды локомотив қағып кетті
Павлодарда ер адамды локомотив қағып кетті. Зардап шеккен азамат сол жерде көз жұмған. Машинист адамды байқамаған болуы керек, әрі қарай бағыты бойынша жүріп кете берген. Кейін 66 жастағы ер адамның мәйітін сол маңдағы жаяу жүргіншілер тауып алып, жедел жәрдем шақырған. Тепловоз жүргізушісі ішімдік ішпеген.
Жанар Белялова, Полиция департаментінің ресми өкілі:
Оқиға күндізгі сағат 11:40-та Шығыс өнеркәсіп аймағында болған. Локомотив жүргізушісінің жасы 60-та. Тәжірибесі мол маман деп айтып жатыр. Негізі ол жерде теміржолды кесіп өтуге тиым салынған екен. Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Алматыда 47 жастағы тұрғынды автобус қағып өлтірді. Қайғылы оқиға Рысқұлов-Емцов көшелерінің қиылысындағы құрылыс жүріп жатқан жол айырығында болған. Жүргізуші аяқ асты жүгіріп шыққан әйелді көргенімен, автобусты тоқтатып үлгермеген.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01