Мемлекеттерге КВИ-ге қарсы вакцина тең таратылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттерге КВИ-ге қарсы вакцина тең таратылмай жатыр

19.01.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем «рухани апат» алдында тұр дейді. Бұған мемлекеттер арасында ковидке қарсы вакцинаның тең бөлінбеуі себеп. Осы уақытқа дейін вакцинаның 39 миллион дозасы ауқатты 49 елде таратылса, кедей елдердің біріне екпенің тек 25 дозасы берілген. 

Инфекцияның өршуі Африка елдерінде де байқалып отыр. Оңтүстік Африка ауруханалары науқастарға лық толы, мәйітханаларда орын жоқ. Елде күніне 20 мыңдай адамнан ковид анықталуда. Мұнда пандемия басталғалы індеттен 37 мыңнан астам адам көз жұмды.

Ал Жапонияда енді вакцинация министрі бар. Аталған қызметке әкімшілік реформалар министрі Таро Коно тағайындалған. Ол азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе алуын қадағалайтын болады. Елде ауқымды науқан ақпанда басталады деп жоспарланып отыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу