Мейрамханалар мен тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2% төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамханалар мен тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2% төмендеген

19.01.2021
Мейрамханалар мен тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2% төмендеген

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының өзгеруі туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. 

2020 жылы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды – 3,6%, тұрмыстық қызмет көрсету пунктілерін, сервистерді – 3,5%, сауда жайларын – 3,1%, басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерін – 4,8% төмендеді. Паркингтерді жалға беру бағасы 0,3%, өндірістік жайларын – 0,2 % өсті. 

2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең үлкен төмендеуі валюта айырбастау пунктілерін жалға беруде 7,2%, кафелерді - 7%, шаштараздар мен сұлулық салондарын - 6,7%, мейрамханаларды - 6,4%, химиялық тазарту және кір жуатын орындар, автокөлік жуу –5,2%-дан, сауда үйлеріндегі, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді - 3,8% белгіленді.


Хабарламаларға жазылу