Навальный Ресей әуежайында тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Навальный Ресей әуежайында тұтқындалды

18.01.2021

Мәскеу әуежайында тұтқындалған Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды жедел босатуды талап еткендер қатары уақыт өткен сайын артып барады. Германия мен Франция сыртқы істер министрліктері саясаткердің қамауға алынуын заңсыз деді. АҚШ билігі мен Еуропалық кеңес өкілдері де Кремльдің бұл әрекетін сынға алды. Балтық елдері Ресейге қарсы санкция салуды ұсынып отыр. Бұған Ресей билігі «әр мемлекет өз ісімен айналыссын» деп жауап берді.

Айта кетсек, Алексей Навальный Германиядан ұшып келген бойда, әуежайда тұтқындалды. Оған шартты түрде соттау ережелерін сақтамады деген айып тағылып, халықаралық іздеу салынған еді. Енді ол сот үкімі шыққанша қамауда болады. Оқиғадан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургте шерулер өтіп, Навальныйдың 70-ке жуық жақтасы тұтқындалды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу