Трампқа екінші рет импичмент жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трампқа екінші рет импичмент жарияланды

14.01.2021

АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жарияланды. Ол халықты бүлікке шақырды деп айыпталып отыр. Осылайша Ақ үй басшысы екі рет биліктен тайдырылмақ болған алғашқы президент ретінде тарихқа енді. Сәйкес резолюцияға заңнамашылардың 197-сі қарсы болса, 232-сі оны қолдаған. Олардың ішінде Трамптың 10 жақтасы, Республикалық партия өкілдері бар. Енді соңғы шешімді Сенат шығарады. Алайда Конгресстің жоғарғы палатасы Трамптың мерзімі аяқталғанша импичментті қабылдап үлгермейтінін хабарлады. Сондықтан аталған шара қаңтардың 20-на белгіленген Джо Байденнің инаугурациясынан кейін басталмақ. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу