Трампқа импичмент жариялануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трампқа импичмент жариялануы мүмкін

08.01.2021

АҚШ-та Капитолиде болған бүліктен бесінші адам қайтыс болды. Қақтығыс барысында жараланған полиция офицері бүгін көз жұмған. Вашингтондағы оқиғадан соң Америка Конгресі Дональд Трамптың мерзімінен бұрын қызметтен кетуін талап етіп жатыр. Қаңтардың 20-на дейін президент орнын босатпаса, демократтар оны заң бойынша жауапқа тартуы мүмкін.

Нэнси Пэлоси, өкілдер палатасының спикері:
Заңсыз әрекеттерге шақыра отырып, президент елімізге, халқымызға шабуыл жасады. Вице-президенттен оны заң бойынша қызметінен босатуды талап етемін. Егер вице-президент және министрлер кабинеті әрекет етпесе, онда Конгресс президентке импичмент жариялауға дайын.

Ал Трамп болса, ел астанасында болған тәртіпсіздіктерді сынап, заң бұзғандарға жаза қолданылатынын хабарлады. Бұл туралы ол 12 сағатқа бұғатталып, кейін қайта ашылған Twitter парақшасында жазған. Десе де болашақта саяси қызметін жалғастыратынын білдірді. Капитолидегі бүліктен кейін, Трамптың билігіне наразы жоғары лауазымды тұлғалар қызметтен кетіп жатыр. Олардың ішінде білім министрі, көлік министрі мен полиция бастығы бар.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу