АҚШ-та Трампқа қарсы шерулер өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Трампқа қарсы шерулер өтіп жатыр

03.07.2017

АҚШ-тың Калифорния, Техас тәрізді бірнеше штатында президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды талап еткен шеру өтіп жатыр. Бұған Ақ үй басшысының ақпарат құралдарын сынауды күшейткені ықпал етті. Жексенбіде Трамп Твиттердегі парақшасына бетін CNN телеарнасының белгісімен жауып алған адамды төбелесте жығып жатқан пародиялық видеосын таратты. Осы бейнероликтің астына президент «Жалған жаңалықтар желісі» деген хэштег жазған. CNN телеарнасының пікірінше, Трамп осы арқылы зорлық- зомбылықты насихаттады. Шерулетіп жатқан тұрғындар да «Ақ үй басшысынан қауіп төніп тұр», деп мәлімдеді.    

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу