АҚШ Конгресі Дональд Трампқа импичмент жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Конгресі Дональд Трампқа импичмент жариялады

19.12.2019

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы президент Дональд Трампқа импичмент жариялады.Ақ үй басшысы енді қызметін жалғастыра ма, әлде отставкаға кете ме? Бұл мәселені қаңтарда Сенат шешеді.

Конгресмендер Трампқа тағылған екі айып бойынша дауыс берді. Олардың бірі Америка президентінің Украинаға демократ Джо Байден мен оның ұлын тергеу туралы қысым жасауына қатысты. Екіншісі — мемлекет жетекшісінің Конгресс жұмысына кедергі жасауы жайында.

Дегенмен Сенаттың Трампты ақтап алатынына күмән шамалы. Өйткені, жоғары палатада отырған халық қалаулыларының көбі — президенттің жасқтастары, яғни, республикалықтар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу