Трампқа импичмент жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трампқа импичмент жарияланды

19.12.2019
Трампқа импичмент жарияланды

АҚШ конгресі Трамқа импичмент жариялады. Сәрсенбі күні кешке «қызметін асыра пайдалану» және «конгресс жұмысына кедергі келтіру» бабы бойынша айып тағылды.

Дауыс беру нәтижелері парламенттің екіге бөлінгенін көрсетеді. Демократтар импичментті қолдап дауыс берсе, республикалықтар қарсы дауыс берген.

Алғашқы айтылған бап бойынша 230 төменгі палата өкілі импичментті қолдаса, 197 адам қарсы дауыс берген. Қарсы дауыс бергендердің арасында 2 демократ бар. 1адам қалыс қалған.

Демократтар Трампты Украина президенті Зеленскийге әскери көмек көрсету үшін өзінің алдағы сайлаудағы ірі бәсекелесі Джо Байденнің сот ісіне қатысты саяси қызмет көрсетуді сұраған деп кінәлады. Өз кезегінде Трамп тек сыбайлас жемқорлықпен күресуді ғана сұрағанын айтты.

ria.news

Хабарламаларға жазылу