АҚШ Конгресі импичмент туралы резолюция қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Конгресі импичмент туралы резолюция қабылдады

01.11.2019

АҚШ Конгресі президент Дональд Трампқа қарсы импичмент процедурасын ресми түрде бастау туралы резолюцияға дауыс берді. Бұл қарарды демократтар бақылауындағы өкілдер палатасының 232 мүшесі қолдаған. Ал, 196 депутат қарсы. 

Демократиялық партия Трампты отставкаға жіберу ниетін қыркүйекте жариялады. Бұған Ақ үй басшысының Украина президенті Владимир Зеленскийге Американың бұрынғы вице-президенті Джо Байденді тергеу туралы қысым жасауы себепші. Айта кетсек, Байден келесі жылы Құрама Штаттарда өтетін сайлауда Трамптың басты қарсыласы болуы мүмкін. 

Дегенмен, мемлекет басшысы мен оның Республикалық партиядағы жақтастары демократтардың импичмент туралы инициативасын «әділетсіз» әрі «саяси астарлы» деп есептейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу