Д.Трамптың импичменті бойынша тергеу жоспары мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Трамптың импичменті бойынша тергеу жоспары мақұлданды

22.01.2020

АҚШ Сенаты президент Дональд Трампқа қарсы импичмент бойынша тергеу жоспарын мақұлдады. Қабылданған резолюцияға сәйкес, конгрессмендер ертең іске қатысты барлық құжаттарды тапсырады. Ал президент жақтастарының жауабынан соң, екі жақтың пікірталасы басталуы тиіс. Жоғарғы Сот төрағасы Джон Робертс төрағалығымен өтетін процеске сенаторлардан құрылған алқабилер де қатыспақ.

Президентті биліктен тайдыру үшін сенаторлардың үштен екісінің дауысы жеткілікті. Алайда, Жоғарғы палатада көпшілік дауысқа ие республикалықтар Трампқа импичмент жариялауға ниетті емес.

Айта кетсек, Трампқа екі бап бойынша айып тағылған. Оның бірі – қарсыласы Джо Байден мен оның ұлына қарсы тергеу жүргізуді талап етіп, Украинаға қысым көрсету. Екіншісі, осы істі тергеуде конгресске қажетті материалдарды бермеу. Дегенмен, Ақ үй басшысы бұл айыптардың екеуін де жоққа шығарып келеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу