Мадина Бектенова: Сайлаудың нәтижесі - келесі сайлауға дайындық
Осы жолғы Парламент сайлауының коронавирус пандемиясы кезінде өтуінің өзі – саяси тәуекел. Бүгін науқанның алғашқы қорытындыларын сараптаған саясаттанушылар осындай пікір білдірді. Тағы бір ерекшелігі – алғаш рет мәслихат депутаттары да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы таңдалғаны. Мәжіліске өте алмаған партиялар жергілікті мәслихаттардан орын алуы әбден мүмкін дейді сарапшылар.
Индира Рыстина, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі:-Халық жай ғана сыртқы келбетіне немесе үгіт-насихатына ғана емес, бэкграундқа да қарайды.Талғат Қалиев, саясаттанушы:-Ол үш партия Парламентте болған соң олар халықтың күнделікті көзіне түсіп жүрген партиялар болып қалды. Өйткені парламенттік мінбер деген өте үлкен ресурс.Мадина Бектенова, ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері:-Сайлаудың нәтижесі - келесі сайлауға дайындық. Келесі сайлауға өткен партиялар болсын, өтпеген партиялар болсын, бізде енді 6 партия тіркеулі болғандықтан, келесі сайлауға дайындалу үшін өз бағдарламаларын кеңейту, жақсарту, жетілдіру мәселесі алға қойылуы керек.Алмас Арзықұлов, ҚСЗИ сарапшысы:-Әр партияның өзі қалай жұмыс істегеніне байланысты дауыс саны соған сәйкес келеді деп ойлаймын. Өткен жылы, әсіресе пандемия кезіндегі Nur Otan партиясының халыққа көмегі, жүргізген шаралары бұның бәрін сайлау нәтижесіне тікелей әсер етті деуге болады.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33