Шымкенттегі жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 2 адам зардап шекті
Шымкент қаласындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан екі адам жарақат алды. Жойқын дүмпу таңғы сағат 5:00 шамасында болған. Түнде газдың иісін сезіп оянған отағасы сақтықты қаперіне алмай, электр жарығын қосқан. Салдарынан алғашында ауада тарсыл болып, іле шала жарылысқа ұласқан. Оның күштілігі сондай - үйдің тұтас бір қабырғасы опырылып құлап, кіреберісін басып қалған. Осы мезетте ұйқысынан оянған 6 бала мен анасы терезеден секіріп қашқан. Соған қарамастан 35 жастағы келіншектің қолы мен аяғын, жалпы денесінің төртен бір бөлігін күйік шалды. Ал отбасының тұңғышы 14 жастағы жасөспірім терезеден секіргенде бетонға құлап, кеуде тұсынан жарақат алды. Қазір анасы мен қызы ауруханада жатыр.
Мадияр Жақсыбаев, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
Жарылыстың себебі тұрмыстық газ құралдарын дұрыс пайдаланбау, техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан жарылыс болып тұр. Қазіргі таңда материалдық шығын, нақты шығу себебі анықталуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06