Түркістанда газ құбырларын тарту жұмыстары толықтай аяқталды
Түркістан қаласына газ құбырларын тарту жұмыстары толықтай аяқталып, тұрғындар көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды. Биылғы жылыту маусымынан бастап шаһардың орталық жылу қазандығы да табиғи газды пайдалануда.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы да жақсарған. Ауаның ластауы 65 % -ға төмендеп, қаланы қара түтін басу азайған. Десе де тұрғындардың жартысына жуығы әлі көгілдір отынға қосылып үлгермеді. Базбір үйлерде құбырларға су қатып, газ беру ісінде түрлі проблемалар туындауда. Осыны ескерген жергілікті билік газға жауапты мекемемен ортақ келісімге келіп, баспаналарды көгілдір отынға қосу жұмыстарын жеделдетуде. Тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер жасауда.
Мейіржан Мырзалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:- Бұрын газға қосылу газ болған жерлерде 250-300 мың теңгеден болса, қазір 85 мың теңгеден аспайды. Техникалық шарттарды алу бұрын бір айға дейінгі уақытты алса, қазір екі-ақ жұмыс күнінде қаралып, тұрғындардың өтініші қанағаттандырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06