Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне төлем тағайындалады - Мәжіліс заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне төлем тағайындалады - Мәжіліс заңды мақұлдады

30.12.2020
Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне төлем тағайындалады - Мәжіліс заңды мақұлдады

Бүгін Мәжілісте Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заң жобасы қаралды. Құжат қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және дипломатиялық қызмет органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

«Заңда «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері» ұғымын бекіту ұсынылады. Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылады», - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Министрдің айтуынша, төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарған немесе төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленеді. Қажетті шығындарды республикалық бюджет комиссиясы биыл 11 тамызда қолдады.

Сонымен қатар, әлемдік саясат пен экономика саласында іргелі және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелерді кіргізу ұсынылды. Бұл Сыртқы істер министрлігіне қарайтын сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесін арттырып, оның қызметінің негізгі бағыттарын бекітуге мүмкіндік береді.


Мәжіліс заң

Хабарламаларға жазылу