Боран, қар, тұман - Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

28.12.2020
Боран, қар, тұман - Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

28 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қазгидромет болжамынша, Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %. 

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Бүгін Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. 

Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Петропавлда жаяу бұрқасын болып, Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз 28 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Таразда 28-30 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

қар боран ескерту жарияланды

Хабарламаларға жазылу