Бекшин: Алматыдағы эпидахуал әлі күрделі
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жаңа жыл қарсаңында көпшілікпен бірге өтетін барлық шараға тыйым салды. Яғни, 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін мерекелік шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз ата, ақшақар және басқа да жаңажылдық кейіпкерлерді сомдап, үй аралайтын агенттіктердің жұмысына шектеу қойылды. Қазір шаһардағы соңғы жағдайды Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып айтады.
Қуан Нұрақын, тілші:-Алматының бас санитар дәрігері карантинге қарамастан, жасырын жұмыс істейтін ойын-сауық нысандарымен енді басқаша тәсілмен күресетінін айтты. Енді мониторингтік топтың құрамына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылмақ. Олар ескертуді елемеген түнгі клубтардың есігін арнайы құралдармен бұзып кіруге дейін барады. Қаулыға сәйкес сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы бір сағатқа, яғни түнгі 11-ге дейін ұзартылды. Ал, азық-түлік дүкендерінің тәулік бойы жұмыс істеуіне рұқсат берілді.Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:-Азық-түлік сататын дүкендерді және супермаркеттердің уақытын біз тәулік бойы шектеген жоқпыз. Өздерінің маркетингтік жасаған жұмыстарының нәтижесінде қарап, салыстырып өздерінің режимі бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан біз олардың жұмыстарын уақыт бойынша шектеген жоқпыз.Қуан Нұрақын, тілші:-Жандарбек Бекшиннің сөзінше, соңғы айда коронавирус жұқтырғандардың саны арта бастаған. Егер қараша айында 1400 тұрғыннан COVID-19 анықталса, желтоқсан айының басынан бұл көрсеткіш 1600-ден асып кеткен. Бұл індеттің өсу қарқынын байқатады. Сондай-ақ, шаһардағы кардиоорталықта ем қабылдап жатқан 22 науқас пен екі қызметкердің ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазір медициналық мекемеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, вирус жұқтырғандар оқшауланды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық комиссия, вице-президент, Халық кеңесі: Парламенттік реформа туралы не белгілі?
25.01.2026, 20:27
298 медициналық нысан мен 162 мектеп: Былтыр қандай нысандар пайдалануға берілді?
25.01.2026, 20:27
Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
25.01.2026, 20:00
Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
25.01.2026, 19:56
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай тасымалдауға қатысты төтенше жағдай туралы мәлімдеді
25.01.2026, 19:51
«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?
25.01.2026, 19:49
Қ. Тоқаев Д. Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
25.01.2026, 19:43
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қандай ұсыныстар айтылды?
25.01.2026, 18:54