Қостанай облысында карантиндік шектеулер 5-ші қаңтарға дейін ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында карантиндік шектеулер 5-ші қаңтарға дейін ұзарды

24.12.2020

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласында үш балабақша карантинге жабылды. Ал, өңірдегі Ертіс және Успенка аудандарында вирус өршіген соң мектепке дейінгі мекемелер қараша айынан бері жұмыс істемейді. Бүгінде аймақ бойынша мектеп жасына дейінгі 77 бала мен 54 маман короновирус жұқтырған.      

Ғизат Әбешов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы: 
-Бүлдіршіндердің де, ересектердің де жағдайы тұрақты. Олардың бәрінде ауру белгісі байқалмаған. Бұлардың бәрі қарым-қатынас жасау кезінде жұқтырған болып саналады. Яғни ата-анасы немесе туыстарынан.     

Қостанай облысында карантин бесінші қаңтарға дейін ұзарды. Жаңа жыл қарсаңында мониторингтік топтар жұмысын күшейтеді. Ұжымдық мерекелер мен шырша тойларын өткізуге тыйым салынды. Бұған дейін бірнеше мәрте ескерту алып, айыппұл төлеген кәсіпкерлік нысандары тағы заң талабын бұзса, үш айға дейін жұмысын тоқтатады.

Шектеу шаралары Қарағанды облысында да күшейді. 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында карантиндік режим қатаң қадағаланады. Мерекелік кештер, шаралар, банкеттерді өткізуге болмайды. Мобильді топтар күшейтілген түрде рейдке шығады.    

Болат Аманбаев       


Қостанай облысы карантин

Хабарламаларға жазылу