Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзартты
Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. Бұл туралы банктің ресми сайты хабарлап отыр.
«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
Айта кеткен жөн, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі»
01.10.2026, 10:42
Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
01.10.2026, 10:10
Швейцария мұздықтары жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 10:07
Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр
01.10.2026, 10:06
Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады
01.10.2026, 10:05
Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты
01.10.2026, 10:05
«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
01.10.2026, 10:03
Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
01.10.2026, 10:02