Инфляция деңгейі 7,5%-ға жетпек
Инфляция тағы өседі. Ұлттық банк осы айда оның деңгейі 7,5 пайызға жетеді деп отыр. Айтуларынша инфляцияға негізінен тауар бағасының өсуі әсер етіп жатыр. Мәселен азық-түлік құны биыл 10 пайызға өсті. Ал кейбір түрінің бағасы айтарлықтай шарықтаған. Жұмыртқа, қант және өсімдік майының құны 30 пайызға көтерілді. Үкіметте бұған дейін бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бақылаудың күшейтілетіні айтылған. Ал Ұлттық банк инфляция 4-6 пайыз шамасындағы қалыпты дәлізге келер жылдың соңына қарай оралады деп болжап отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі»
01.10.2026, 10:42
Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
01.10.2026, 10:10
Швейцария мұздықтары жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 10:07
Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр
01.10.2026, 10:06
Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады
01.10.2026, 10:05
Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты
01.10.2026, 10:05
«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
01.10.2026, 10:03
Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
01.10.2026, 10:02