Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13998 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 1041 бала бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, еліміздегі стационарларда 4 139 науқас жатыр, 21 828 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Жалпы, науқастардың арасында 240 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте Қазақстанда 747 адамнан коронавирус табылды. Осылайша ел бойынша ковид жұқтырғандар саны 142325-ке жеттi. Оның 126182-сі індеттен емделіп шықты.
Сондай-ақ бір күнде 17 адам пневмонияға шалдыққан. Жалпы 1 тамыздан бері 43952 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылды. 31519 адам жазылып шықты.
Коронавирустан соңғы бір тәулікте 7 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны - 2145-ке, пневмониядан көз жұмғандар саны 464-ке жетті.