Қостанай облысы тасқынның алдын алу шараларын жүргізуде
Қостанай облысында да тасқынға қарсы дайындық күшейтілді. Су басу қаупі жоғары аумақтарда жеке тұрғын үйлердің ауласынан жаппай қар шығарылып жатыр. Биыл облыс орталығында 313 мың тоннадан артық қар жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Сондықтан жұмысқа 18 арнайы техника, 100-ге жуық академия курсанты, еріктілер мен белсенді тұрғындар жұмылдырылды. Бұған қоса, тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылды. Өңір бойынша Қарасу ауданында, сондай-ақ Арқалық пен Жітіқара қаласында тасқын қаупі жоғары болып тұр.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Қардан еріген су бір де бір үйге кірмеуі керек деген тапсырма алды аудан және қала әкімдері. Тиісті қаражат бөлінді, техника дайындалды. Белсенді азаматтар, еріктілер, сарбаздарды осы жұмысқа тартып отырмыз. Бұл жұмыста біз бір аптаның ішінде бітіруге тырысамыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21