СҚО-да мұз жарып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында ірі өзендердегі мұзды жара бастады.
Бұл мақсатқа 80 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Мұз жарылса, өзендердегі кептелістер азайып, су тасқынының қаупі төмендейді. Облыста табиғи апаттың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. 23 шақырымнан астам бөгет салынып, нығайтылды. Су өткізу жүйелері орнатылып, арықтар мен өзен арналары тазартылды. Су басу қаупі бар 112 елді мекен тіркелді. Оларда 7 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Мамандардың айтуынша негізгі қауіп өзендердің көтерілуі, көлдердің тасуы және еріген қар суынан туындап отыр.
Дәурен Таубаев, СҚО ТЖД басқарма бастығы:
Мұз әрине кептеліп қалуы мүмкін. Ол мына біздің өзен арнасының таяз жерлерінде және мынау автокөлік көпірілері және мынау біздің идротораптарда жақын жерде жарылу жұмыстары болмағандықтан осыған дейін біз механикалық кесу жұмыстарын жүргіздік.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16