Абай облысында алпыстан аса жаңа нысан пайдалануға берілген
Қазақстанда соңғы жеті жылда 1259 денсаулық сақтау нысаны салынған. Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 ғимарат бой көтерген.
Аталған бағдарлама Абай облысында да сәтті іске асып отыр. Соңғы екі жылда өңірде 60-тан астам жаңа нысан пайдалануға берілген. Олардың түгелі дерлік алыс ауылдарда. Өңірде өткен жылы саланы дамытуға 6,9 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл емханалар, мед пункттер мен амбулаториялар салумен қатар, медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтуға жұмсалуда. Әсіресе шалғай жатқан елді мекендерге ерекше мән беріліп отыр. Ондағы халықтың аудан, облыс орталықтарына барып, ем іздеп сабылуы тыйылған. Қажетті дәрігерлік көмектің денін өз ауылынан алыстамай-ақ алатындай деңгейге жеткен.
Серікқали Еңсебаев, Үржар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Былтырғы, биылғы жылдың өзінде тау бөктерінде орналасқан елді мекендерде 7 фельдшерлік пункт қолға алынып халыққа қызмет етуге берілді. Орталықта дәрігерлік амбулатория 50 төсегімен былтыр берілді. Үржар ауданы шалғайда. Облыс орталығынан 550 шақырымда орналасқан. Таулы аймақта халықтың көбі. Кардиоцентр ойда жүрген нәрсе болған. Қазір бұл здание бой көтерді. Бұл кардиоцентр июнь, июль айында бітеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы