ІІМ: Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды
Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды. 36 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тегсеру шаралары Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Бұл туралы ведомство өкілдері хабарлады.
Айта кету керек, былтыр Қылмыстық кодекске сталкинг ұғымы енгізілген еді. Оған сай адамның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысу немесе оны заңсыз қудалау әрекеті үшін Қылмыстық іс қозғалады. Жаза ретінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Мамандардың сөзінше, заң үстемдігі қамтамасыз етілді. Мәселен Батыс Қазақстан облысында бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қудалап келген, оған қайта-қайта қоңырау шалып, күш қолданамын деп қорқытқан ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Сондай-ақ Астана мен Семейде тағы екі ер адам сталкинг жасағаны үшін жауапқа тартылып, бас бостандығынан айырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы