«Аңсаған сәби»: 11 мыңнан аса сәби дүниеге келген
2021 жылы басталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны жыл сайын артып келеді. Соңғы бес жылда көрсеткіш 7 есеге артқан.
Бұл туралы мемлекет басшысы барлық деңгейдегі Мәслихат депуттары бас қосқан жиында айтты. Жалпы бағдарламаға ана атанғысы келетін медициналық сақтандыруы бар қазақстандық әйелдер қатыса алады. Ресми некенің болуы шарт емес. Ал елімізде МӘМС арқылы бұл қызмет 18 клиникада қолжетімді. Бағдарлама басталғалы 34 мыңға жуық әйел игі мүмкіндіктің игілігін көрді. Барлығы 11 мыңнан аса сәби осы ЭКО әдісімен дүниеге келген.
Әсел Файзуллина, Қостанай облыстық ауруханасының ЭКҰ бойынша штаттан тыс бас маманы:
Бұл бағдарлама тек МӘМС арқылы ғана жұмыс істейді. Процедураға үмітті қыз-келіншектер міндетті түрде ҚР азаматы болуы тиіс. Кейін өзі тіркелген емхана бойынша тізімге қосылады. Облыста былтыр 203 әйел көптен күткен квотаға қол жеткізді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада дрон-футбол сайысы өтті
17.03.2026, 17:39
Таразда «Денсаулық» саябағын тазалады
17.03.2026, 17:37
Қостанай облысы тасқынның алдын алу шараларын жүргізуде
17.03.2026, 17:35
СҚО-да мұз жарып жатыр
17.03.2026, 17:33
ІІМ: Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды
17.03.2026, 17:30
Абай облысында алпыстан аса жаңа нысан пайдалануға берілген
17.03.2026, 17:24
Израиль Ливанға жойқын соққы берді
17.03.2026, 17:21
Иран АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігін атқылады
17.03.2026, 17:18