Астанада дрон-футбол сайысы өтті
Астанада дрондардың қатысуымен футбол матчы өтті. Спорт, инженерлік ойлау және командалық стратегияны тоғыстыратын жаңа технологиялық бағыт бойынша өткен жарысқа 6 команда қатысты. Ерекше сайыс жайлы тілшіміз тарқатсын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Футбол – миллиондар ойыны. Бұл ойынды білмейтін адам кем де кем. Дегенмен дрондардың футбол ойнағанын көрдіңіз бе? Көрмеген болсаңыз, мархабат!
Спорт жаңа деңгейге көтерілді. Физикалық күшті қажет етпейтін, бірақ ақыл мен
шапшаңдықты һәм ептілікті талап ететін бұл ойын қазір жастар арасында кеңінен
таралып жатыр.
Саян Әбдіжаппар, жарысқа қатысушы:
Бұл ойын біріншіден – жаңадан. 21 ғасырдың талаптарына сай деп айтсақ болады. Бұл жерде робототехника, киберспорттың барлығы біріккен. Көру қабілеті, дұрыс болуы керек. Өйткені дронды алыстан көру керек, басқа дрондармен шатастырып алмау керек. Екіншіден, қолдың ептілігі. Пультпен басқарған кезде қолың епті болуы керек.
Матчтың ережесіне келсек, әр командадан бес ойыншыдан. 1 шабуылшы ал,
қалғандары қорғаушылар. Доп қызметін шабуылшы дрон атқарады және сол ғана гол
сала алады. Матч 3 минуттан үш кезеңге бөлінеді. Жарысты Digital Nauryz 2026 шарасы аясында Астана
қаласының әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ және Қазақстанның дрон-футбол
қауымдастығы ұйымдастырды. Мақсат – болашақта дрон ұшыратын шеберлерді даярлау.
Айдын Есбек, «Астана innovations» АҚ жоба менеджері:
Жалпы бұл инженерлік жағынан да, программалау жағынан да, одан бөлек командалық ойын жағынан адамды, оқушыларды әрі қарай жан-жақты дамытады. Бұл өте маңызды. Себебі біз адами капиталды болашаққа дамытып жатырмыз. Болашақ дроншылар өздерінің жаңағы агроөнеркәсіп жағынан да, басқа инженерлік салаларда өздерін дамытып, болашақта өздерін көрсете алатын болады. Сол себепті өте маңызды деп есептейміз.
Іс-шара аясында келушілер үшін интерактивті бағдарлама ұсынылды. AI-аватарлар
Наурызай мен Наурызбай қонақтарға Наурыз мейрамының дәстүрлері мен мерекелік
бағдарлама туралы мәлімет берсе, арнайы робот келушілерге мерекелік көңіл күй
сыйлады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда «Денсаулық» саябағын тазалады
17.03.2026, 17:37
Қостанай облысы тасқынның алдын алу шараларын жүргізуде
17.03.2026, 17:35
СҚО-да мұз жарып жатыр
17.03.2026, 17:33
ІІМ: Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды
17.03.2026, 17:30
«Аңсаған сәби»: 11 мыңнан аса сәби дүниеге келген
17.03.2026, 17:27
Абай облысында алпыстан аса жаңа нысан пайдалануға берілген
17.03.2026, 17:24
Израиль Ливанға жойқын соққы берді
17.03.2026, 17:21
Иран АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігін атқылады
17.03.2026, 17:18