Алматыда мейрам қарсаңындағы ұжымдық отырыстарға тыйым салынды
Алматыдағы эпидахуал күрделене түсті. Желтоқсан айының басынан бері 600-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған. Бұл қазан айымен салыстырғанда 4 пайызға жоғары. Қазір шаһардағы соңғы жағдайды баяндау үшін Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып отыр.
Қуан Нұрақын, тілші:-Мегополис коронавирустың таралуы бойынша қайтадан «сары аймаққа» енді. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің сөзінше COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Жандарбек Бекшин басты себеп ретінде азаматтардың қоғамдық орындарда жиі жүруімен байланыстырады. Бүгінгі брифинге бас санитар алдағы эпидахуалға қатысты болжамын да жеткізді.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:-Болжамды өсу байқалады. Бірінші аптада 429 жағдай болса, төртінші аптада 563 жағдайға дейін өсуі мүмкін. Желтоқсан айында оптимистік болжам бойынша 1900 жағдай күтілуде. Және 2100-ден астам пессимистік жағдай болжанады.
Қуан Нұрақын, тілші:Сондықтан коронавирустық инфекцияның өршуін тоқтату мақсатында бірқатар шектеу шарасы қабылданды. Мәселен, қоғамдық көліктегі жолаушылардың санын азайту мақсатында 15 адамнан көп жұмыс берушілерге қызметкерлерінің 60-тан 80% - ға дейін қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ескерту жасалып, жаңажылдық және мейрам қарсаңындағы ұжымдық отырыстарға тыйым салынды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық комиссия, вице-президент, Халық кеңесі: Парламенттік реформа туралы не белгілі?
25.01.2026, 20:27
298 медициналық нысан мен 162 мектеп: Былтыр қандай нысандар пайдалануға берілді?
25.01.2026, 20:27
Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
25.01.2026, 20:00
Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
25.01.2026, 19:56
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай тасымалдауға қатысты төтенше жағдай туралы мәлімдеді
25.01.2026, 19:51
«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?
25.01.2026, 19:49
Қ. Тоқаев Д. Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
25.01.2026, 19:43
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қандай ұсыныстар айтылды?
25.01.2026, 18:54