Әлем елдерінде карантин күшейіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінде карантин күшейіп жатыр

09.12.2020

АҚШ-та бір күнде 200 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 2200-дейі қайтыс болды. АҚШ мереке қарсаңында вирустың таралуын тежеу үшін, көптеген штаттар комменданттық сағат жариялап жатыр. Ал елдің жаңадан сайланған президенті Джо Байден вакцинаға қатысты жаңа талап қойды. Екпе 100 күнде 100 миллион адамға салынуы тиіс. 

Израильде бүгіннен бастап дәстүрлі Ханукка мейрамы аяқталғанға дейін комменданттық сағат енгізілді. Кешкі 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін себепсіз үйден шығуға болмайды. Мұнда жұқпалы дертке 348 мыңдай адам шалдыққан. 

Сонымен қатар, Әзірбайжан билігі де карантин талаптарын күшейтпек. Желтоқсанның 14-нен тұрғындарға тек SMS-хабарландыру арқылы далаға шығуға рұқсат беріледі. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа қоғамдық орындар жабылады. Елде күніне 4 мыңдай адам инфекция жұқтыруда. 

Ұлыбританиядан кейін, Еуропаның басқа елдері осы айда жаппай екпе егуді бастауы мүмкін. Германия бұл науқанды желтоқсанның соңында, Испания қаңтарда жүргізуді жоспарлап отыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу