«Мемлекеттік сатып алуды» тексеру арқылы 871 млн теңге үнемделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мемлекеттік сатып алуды» тексеру арқылы 871 млн теңге үнемделді

07.12.2020

Елордада «Мемлекеттік сатып алуларға» жүргізілген мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері 871 миллион теңге үнемделген.  

Соманың көп бөлігі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тиесілі. Олар жемқорлыққа қарсы агенттік тексерген соң жиындар мен форумдар өткізуге қарастырған қаржының 167 миллионын қысқартқан. Ал, білім басқармасы онлайн оқуға компьютер алу үшін бөлген қаржының 108 миллион теңгесін бюджетке қайтарған. Сондай-ақ, қалалық 1-ші емхананың дәрігерлерге халат пен антисептик алуға қаражатты 32 миллион теңгеге қымбат көрсеткені анықталған.

Жазира Жылқышиева, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары: 
-Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуларға қатысқан 20-ға жуық әкімшілік құрылымдарда тауардың бағасын шектен тыс көтеру фактілері кездесті. Ал, біз тауардың нарықтағы орташа құнын есептеу арқылы, қаржының тиімді жұмсалуын қадағаладық. Үнемделген ақша енді басқа маңызды салаларға бөлінеді.  

Досжан Маратұлы


Мемлекеттік сатып алу

Хабарламаларға жазылу