Әскери командир 10 жылға сотталды
Түркістан облысындағы қару-жарақ ұрланған әскери бөлімінің командирі бірнеше қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталды. Сот майор шеніндегі Ержан Дауытовтың қызмет барысында лауазымын асыра пайдаланғанын, қарамағындағылардың денсаулығына қасақана зардап келтіргенін айғақтады. Әрі оның алаяқтықпен айналысып, қызметіне немқұрайлы қарағаны да дәлелденді. Бөлімше командирінің өз ісіне салғырттығынан әскери бөлімдегі қару-жарақ қолды болған. Тәртіпсіздік пен бақылаудың жоқтығын пайдаланып, кіші сержант Абылай Балғынбай биылғы жылдың ақпанында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлап алып шыққан болатын. Алайда сотталушының қорғаушылары соттың үкімімен келіскен жоқ. Аппеляциялық шағым түсіруге әзірленуде.
Бүрлібай Қаюпов, Шымкент әскери сотының судьясы:-Дауытов Ержан майор шенін айырылсын. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06