Қазақстанда ең көп салық төлеген ТОП-30 шетелдік компания

27.11.2020
Қазақстанда ең көп салық төлеген ТОП-30 шетелдік компания

Қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам шетелдік компания жұмыс істейді. 

FinReview.info сарапшылары Қазақстандағы 30 ірі шетелдік салық төлеуші компанияны атады. 2020 жылдың 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес,  елімізде 22,1 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырсақ, олардың саны 11,2%-ға артқан. Ал компаниялардың 21,5 мыңы, яғни 97,4% шағын кәсіпорын нысанында тіркелген.

Шетелдік компаниялар көбіне көтерме және бөлшек сауда саласында қызмет етіп жатыр - мұнда 8,7 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс саласы екінші орында - 2,3 мың компания, ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,7 мың компания жұмыс істейді. 

30 ірі шетелдік салық төлеушілер ішінде төлемдердің 37%-ын «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорындары құйған. Бұл компанияның 50% акциясы «Шевронға», 25% акциясы «ExxonMobil» компаниясына, 20% акциясы «ҚазМұнайГазға» және 5% акциясы «LukArco« компаниясына тиесілі.

Биылғы 9 айда «Теңізшевройл» 832,1 млрд теңге салық төлеген.

Екінші орында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» біріккен компаниялар консорциумы - жыл басынан бері мемлекет қазынасына 398,5 млрд теңге құйған. 

Сондай-ақ үздік үштік қатарында «Қазцинк» ЖШС бар - 109,3 млрд теңге салық төлеген. 

Қазақстандағы ТОП-30 ірі шетелдік салық төлеушілер:

Дереккөз: FinReview.info 

салық

Хабарламаларға жазылу