Қарағандылық дәрігерлер үшін бір данасы 68 мың теңге тұратын 200 маска сатып алынды
Қарағанды облысында жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін біреуі 68 000 теңге тұратын 200 маска сатып алынды. Оларды мемлекеттік сатып алу бойынша өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы арнайы медициналық жабдықтаумен айналысатын компания жеткізген. Тауардың жалпы құны 13 миллион теңгеден асады. Мұндай қорғаныш бетперделері Польшада шығарылады. Адамның бетін толығымен тұмшалайтын резеңке маскалар індеттің алғашқы толқыны басталмай жатып алынған. Барлығы да бір тауар жеткізушіден. Ерекше бетперделердің техникалық сипаттамасында олардың ауаны сүзгіштігі жоғары және зиянды бактериялар мен инфекциядан жақсы қорғайды деп көрсетілген. Масканың екі сүзгісі бар. Жарамдылық мерзімі біткен кезде жаңасына ауыстырылады.
Ержан Нұрлыбаев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Біздің жансақтау бөліміндегі дәрігерлер инфекциялық аурухананың қауіпті аумағында жұмыс істейді. Олардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін осындай ерекше маскаларды пайдалануды жөн көрдік. Ол ведомостваралық комиссияның мақұлдауымен коронавирусқа қарсы пайдаланылатын қажетті медициналық заттар тізіміне енген. Індеттің алғашқы толқыны кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша осы бағаға алынды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10