Оралда түнгі клуб қонақтары полициядан әжетханаға тығылған
Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап карантин күшейеді. Түнде жүруге тыйым салынып, жексенбіде сауда үйлері жұмысын тоқтатады. Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы, жеке сектор жұмысшыларының 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Ал бұған дейін ашылған санитарлық бекеттер жабылады. Бұдан былай карантин қағидасын бұзғандардың барлығы қатаң жазаланады.
Әдемі Хасанова, БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Ендігі уақытта көпшілік шараға қатысқандарға да мониторингтік топтардың материалдары толтырылды, біздің аумақтық санитариялық эпидемиологиялық басқармаларға материалдар жіберілетін болса, бұл істер де аумақтық басқармаларда қаралатын болады.
Оралдық полицейлер кезекті рейд кезінде 80 адам сауық құрған түнгі клубтың жұмысын тоқтатты. Оның барысында мас күйдегі кейбір тынығушылар сақшыларға қарсылық танытса, енді біразы жауапкершіліктен құтылмақ болып әжетханаға тығылған.
Рауан Диәли
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03
Азаматтық кодексті жаңарту – уақыт талабы
05.11.2026, 13:02