Әр отбасына - 20 сотық жер: ҚХП сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Әр отбасына 20 сотықтан жер беріледі. Білім беру тегін болады және медициналық шығындарды мемлекет өтейді. Ал зейнет жасын 60-тан асырмаймыз. Қазақстанның халық партиясы кезектен тыс XVI съезінде сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жоғарыда аталған жайттар осы құжатта қамтылған. «Егер көпшілік дауысқа ие болсақ, жеке және заңды тұлғалардың несиесіне рақымшылық етуге күш саламыз»,-дейді партия өкілдері.
Сондай ақ жас отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға баспана алуда үлкен жеңілдіктер жасау көзделген. Саяси ұйымнан Мәжіліс депутаттығына 125 кандидат ұсыну жоспарланған. Оның 89-ы ер адам, 36-сы әйел, 9-ы жастар.
Жамбыл Ахметбеков, Қазақстанның халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы:Біздің партиялық тізімге өздерін көрсете білген, тұрғындардың мәселесін жетік білетін және оны шешу жолын ұсына алатын адамдар еніп отыр. Сол себепті партия Мәжіліс пен мәслихатқа өтпекші.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03