Көкшетауда бір тәулікте 48 адамнан коронавирус анықталды
Ақмола облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырған 48 науқас анықталды. Олардың дені Көкшетаудың тұрғындары. Өңірдегі жалпы ахуал тұрақты дегенмен, Көкшетаудағы жағдай күрделі. Күніне шамамен 20 адам індет жұқтыруда. Осы айда ашылған жұқпалы ауруларды емдеу орталығында қазір 49 науқас ем қабылдауда. Алтауы жүкті әйел. Ауру жұқтырғандар көбейіп бара жатқандықтан мамандар санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Нариман Сыздықов, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері:-Қазір қауіпті кезең. Бұл уақыт жыл сайын түрлі вирустардың қозатын мезгілі. Күн суытып жатыр, ылғал көп. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамын. Бетперде кию, залалсыздандыру заттарын қолдау, адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерге бармау сынды қарапайым ережелерді ұстану керек. Жауапкершілігімізді түсінген абзал.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25