Қазақстанда мал сақтандырудың жаңа бағдарламасы пайда болады
Бұл туралы бүгін Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары туралы комитет отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлім етті.
«Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мал ұрлығына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдайды», - деді баяндамасының басында ол.
Кейін Заппаров Қылмыстық кодекске 12 жылға дейін бас бостандықтан айыруды және мүлікті тәркілеуді көздейтін «Мар ұрлығы» деген жеке 188 бап енгенін хабарлады.
«Жыл басынан бері мал ұрлығына күдікті 350 адам уақытша қамау изоляторына жабылып, 270 адам немесе барлық ұсталғандардың 77% қамалған. Бұрын бұл көрсеткіш 35% аспайтын», дейді Заппаров.
Ол сондай-ақ, халықтың мал-мүлкін сақтау мақсатында министрлік жаңа бағдарлама әзірлеп жатқанын хабарлады.
«Қазір 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөнінде бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Танысу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдерге жібердік. Жаңа бағдарламның бір бағыты азаматтардың мүлігін, соның ішінде малдарын сақтандырудың жаңа үлгісін енгізуге арналған», - дейді Арыстанғани Заппаров.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27