Алматыда колледж әкімшілері студенттерден 3 млн теңге айыппұл жинап алған
Алматы прокуратурасы сабаққа қатыспаған студенттерге айыппұл салатын колледжердің қызметі қаншалықты заңды екеніне талдау жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мониторинг көрсеткендей, кейбір колледждер сабаққа қатыспағаны үшін студенттерге айыппұл салады, ал басқалары оларға тәртіптік жаза қолданады. Сонымен қатар, кейбір колледждердің нормативтік құжаттары студенттерге айыппұл санкцияларын қолдануды қарастырады.
«Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері енді сабаққа қатыспаған студенттерге айыппұл салмайтын болды. Қадағалау актісі бойынша 473 студенттің құқығы қорғалды, студенттерге салынған 3 млн теңге көлеміндегі айыппұл қайта өтелді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кәсіподақтар 4 мыңнан астам студенттің шәкіртақысынан заңсыз түрде 4,5 млн теңгеге жуық қаражат ұстап қалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03