Теміртаудағы жылу энергия орталықтары табиғи газға ауысады
Келер жылы Теміртаудағы екі жылу энергия орталығы табиғи газға көшеді. Соның арқасында металлургия комбинатынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтар едәуір азаяды. Энергетика министрлігі, газ өнідруші тарап және теміртаулық компания тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол құжат бойынша жылу орталықтарын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу жұмыстары атқарылады. Ал әзірге комбинат өндірісін бірден табиғи отынға көшіру мүмкін емес. Бұл жоспар толық жүзеге асқанда ауаға тарайтын зиянды қалдықтар әуелі 6 мың, кейін 49 мың тоннаға дейін азаюы тиіс.
Жұмабай Қарағаев, ҚР Энергетика вице-министрі:
Осы меморандум аясында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Сарыарқа» газ магистралінен құбырларды тарту жұмыстарына кірісуі керек. Ал келесі жылыту маусымына қарай ЖЭО-1 және ЖЭО-2 табиғи газға ауысады. Бұрынғыдай мазут жағылмайды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03