Басты Жаңалықтар Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

«Осы жылы Қазақстанға келген этникалық қазақтардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түркіменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% — басқа елдерден келді. 

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 

10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды», - делінген хабарламада.

Бөлісу