Биыл қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 242 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 61 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Атап айтқанда, өткен айда мүгедектік бойынша жәрдемақыға 23,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төлеуге 6,2 млрд теңге бағытталған.
Елімізде мүгедектікке байланысты жәрдемақы алушылардың саны 518,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 145,7 мың адамды құрайды.
Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына, қайтыс болған асыраушының асырауында болған адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.
Жалпы, мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері – 45 507 теңге, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері – 42 614 теңге.