Бурабайда карантин талаптарын бұзғандарға 13 миллион теңге айыппұл салынды
Ақмола облысының Бурабай ауданында карантин талаптарын бұзғандарға 13 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі мәлімдеді. Той жасағандар, шектеуге қарамастан қызметін жалғастырған мекемелер, бетперде кию ережесін елемеген және сақтық шараларын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылды. Облыста карантин талаптарының сақталуын бақылайтын арнайы топтар шілде айынан бастап жұмыс істеуде. Сол уақыттан бері өңірде 9 мың нысан тексеріліп, оның 1 мыңнан астамында талапты бұзу дерегі анықталды. Барлығы 95 миллион теңге айыппұл салынған.
Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі:-Әрбір туристік нысан жұмыс істеуге рұқсатты жеке алады. Бізде жазда жағажайларда карантин талаптарын бұзу жиі болды. Дегенмен мобильдік топтар көп жұмыс атқарып, жағдайды реттедік. Қазіргі уақытта демалушылар келуде. Туристік нысандар ашық. Санитарлық талаптар сақталуда. Бақылау топтары тексеріп тұрады.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03