Бірқатар кәсіп нысандарына қойылған уақыт шектеулері алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар кәсіп нысандарына қойылған уақыт шектеулері алынады

17.11.2020

21-қарашадан бастап көлік жуу және жөндеу, тігін шеберханалары мен химиялық тазалау, тұрмыстық техника мен аяқ киім жөндеу нысандарына қойылған уақыт шектеулері алынады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Яғни, келушілермен тікелей байланысы жоқ кәсіпкерлік субъектілері қалыпты уақытпен жұмыс істейді. Сондай-ақ, «жасыл дәлізде» орналасқан аймақтарда қоғамдық көліктер жұмысы түнгі 11-ге дейін ұзартылса, «сары аймақтағы» автобустар демалыс және мереке күндері жүрмейді.

Ал, жағдай ушыққан Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдеріне эпидахуалды тұрақтандыру үшін он күнде кешенді шаралар қабылдау жүктелді. Сонымен қоса, санитарлық дәрігерлерге өз қаулысын шектеу шаралары енгізерден 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнестің жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуына мүмкіндік береді.  

Амангелді Сейітхан


кәсіп нысандары уақыттық шектеу Ералы Тоғжанов

Хабарламаларға жазылу