Жамбыл облысында есірткі мен заңсыз қару сақтаған шопан ұсталды
Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі мен заңсыз қару сақтаған шопан жеті жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Мойынқұм ауданында, 34 жастағы малшының тұрағын тексерген полицейлер 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана тапты. Сонымен қатар, аңшылыққа арналған 5 мылтық пен 56 оқ-дәрі тәркіленді. Сондай ақ ол Қызыл кітапқа тіркелген қарақұйрық жануарын да атып алған деген күдік бар. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Асқар Жұмабеков, облыстық ПД басқарма бастығы:Ұсталған адам кінәсын толық мойындады. Қазір аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін іс қозғалды. Бұл әрекеті үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал заңсыз аң аулау әрекетіне қатысты 3 жылға дейін соттау қарастырылған.
Ал Қызылордада ақбөкенді атқан екі браконьер ұсталды. Полиция инспекторлары Жалағаш-Қармақшы тасжолында күдік туғызған жол талғамайтын автокөліті тоқтатып, ішін тексеру барысында 3 бас өлі киік тапты. Мұнан бөлек, екі аңшы мылтығы мен 50 оқ тәркіленді. Түн жамылып, заңсыз саят құрғандар қамауға алынды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14