«Ауыл» партиясы «Ел аманаты» сауалнамасының нәтижесін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы «Ел аманаты» сауалнамасының нәтижесін жариялады

17.11.2020

«Ауыл» партиясы «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының нәтижесін жариялады. Оған 1 айдан астам уақытта 212 мыңнан астам адам қатысқан. Соның негізінде шұғыл шешілуі тиіс 14 мәселе айқындалды. Олардың жетеуін сауалнамаға қатысушылар ең өзекті деп көрсеткен. Мәселен, шетел азаматтарына жер сату мен жалға беруге тыйым салу, жәрдемақыны әр балаға беру, ауылдағы медициналық мекемелердің жұмысын жандандыру. 

Сондай-ақ, шағын бизнес өкілдеріне 2-4 пайызбен несие беру және олардың коммуналдық шығындарын субсидиялау, ауылдардың бәрін интернетпен қамту мәселелері бар. Қандастардың азаматтық алуын жеңілдету мен тиімсіз бағдарламаларға миллиардтап қаражат жұмсауды тоқтату ға қатысты сұрақтар көп дауыс жинаған.

Төлеутай Рақымбеков - «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:
Қазақстандықтар сауалнамада көрсетілген 14 сұрақтан басқа, өздерін алаңдатып жүрген проблемаларды да көрсеткен. Соның ішінде 17 854 бюллетеньде қосымша мәселелер көрсетілгенін атап өткен жөн. Сауалнама жүргізу кезінде қоғам мен мемлекеттің ең өзекті проблемалары ретінде көрсетілген бұл ұсыныстар міндетті түрде партияның бағдарламасына енгізілмек.

Амангелді Сейітхан

ауыл партиясы

Хабарламаларға жазылу