Енді қазақстандықтар ХҚКО операторларын кеңсеге шақыртып, қызмет ала алады
Енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері түрғындардың құжаттарын үйге жеткізіп береді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Сонымен қатар жұмыс істейтін қазақстандықтар ХҚКО операторларын кеңсеге шақыртып, қызмет ала алады.
«Халыққа ыңғайлы жаңа ұсыныстарымызды енгізіп жатырмыз. Мысалы, ХҚКО қызметкері дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді. Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас, ХҚКО-дан да жеке операторды офиске шақыртып, қызмет алуға болатын механизмді іске қосамыз», - деді миниcтр Үкімет отырысында.
Мусиннің мәлімдеуінше, жылдан жылға электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны ұлғаюда. Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызмет бар. Олардың 85,5 пайызы онлайн түрде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03