Автокөліктерді қайта тіркеу бойынша мобильді қосымша іске қосылады
Автокөлік иелеріне арналған онлайн-қызметтердің саны артады. eGov порталында транспортты қайта тіркеуге арналған қосымша іске қосылады. Бұл қызметті заңды тұлғалар, мотокөлік пен тіркегіштері бар азаматтар пайдаланады. Сондай-ақ, тіркеу туралы куәлікті жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз ешқайда шықпай, айырбастай аласыз. Түрлі анықтама беру бойынша да ақпараттық сервис қолға алынады. Порталда транспорттың тарихы да жазылады.
Серік Түсіпов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:-Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктермен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитетімен бірлесе отырып, ашық онлайн-платформада мобильді қосымша әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни, болашақта кез келген азамат оны ұялы телефонына жүктеп, көлігін қайта тіркеуден өткізе алады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 10:26
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04