Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап келген 60 жастағы зейнеткер бір өлімнен аман қалды
Түркістан облысында туристік полиция қызметкері дем жетпей қысылған зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап келген 60 жастағы түркістандық тұрғын өзін жайсыз сезініп, тыныстай алмай қинала бастаған. Мұны байқап қалған Отырар аудандық патрульдік полиция тобының инспекторы Рахымжан Ниязбеков оған жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Кейіннен қызметтік көлігімен баратын жеріне жеткізіп салған.
Рахымжан Ниязбеков, Отырар аудандық патрульдік полиция тобының инспекторы:Ауырған кісілер келеді, соларға көмектесеміз. Үлкен кісілер бара алмайды, соларды апарамыз. Алғыстарын айтып кетеді. Қолдан келген көмегімізді көрсетеміз оларға.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады
05.11.2026, 13:13
Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді
05.11.2026, 13:10
Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды
05.11.2026, 13:09
Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
05.11.2026, 13:08
Су ресурстарының ситуациялық орталығы ашылды
05.11.2026, 13:07
«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті
05.11.2026, 13:05
Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
05.11.2026, 13:04
Депозиттерге ешқандай салық салынбайды
05.11.2026, 13:03