Алматыда кезекші сыныптар карантинге жабылды
Алматыда кезекші сыныпта оқитын оқушылардан COVID анықталды. Қалалық білім беру басқармасының мәліметінше, бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырған. Олардың екеуі кезекші сыныпта оқитындар. Қазір вирус жұқтырғандар оқыған топ карантинге жабылды. Жалпы жаңа оқу жылы басталғалы мың жарымнан аса кезекші топта 20 мыңға жуық бала білім алған. Ал, екінші тоқсанда оқушылардың саны артпақ. Өйткені, мегаполистің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин орын саны 300-ден аспайтын мектептердің дәстүрлі форматта жұмыс істеуіне рұқсат беріп отыр. Бірақ бір сыныпта оқушылар саны 15-тен аспауы керек.
Қайрат Жұманов, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары :-Бүгінгі таңда 24 мектептің бесінші сынып ата-аналарынан кезекші сыныптарда оқуға 578 өтініш түсті. Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06